Үндістан өндірісінің COVID-19 қарсы вакцинасы 2021 жылдың маусым айына дайын болуы мүмкін

Covaxin коронавирусына қарсы вакцинаны сынақтан өткізіп жатқан үндістандық Bharat Biotech компаниясы 2021 жылдың маусымына қарай дайын болады деп есептейді.

«Егер біз қажетті мақұлдауды алсақ, 2021 жылдың екінші тоқсанында біз клиникалық сынақтардың үшінші кезеңінің тиімділігі туралы мәліметтерді сәуір, мамыр, маусым айларында алуымыз керек деп ойлаймын. Біз барлық клиникалық сынақтарды — бірінші, екінші және үшінші кезеңдерді толық көлемде өткізуге ниеттіміз, бірақ үкімет төтенше жағдайларда пайдалануға рұқсат беру туралы мәселені де қарастыра алады деп ойлаймын», — деп жазады Indian Express басылымы компанияның атқарушы директоры Саи Прасадтың сөзін келтіріп.

Үндістанда әзірге коронавирустың үш вакцинасы сынақтан өтуде — Bharat Biotech және Zydus Cadila компаниялары әзірлеген Covaxin және ZycovD вакциналарын сынақтан өткізуде. Үндістан сарысу институты 17 медициналық орталықта Оксфорд университеті әзірлеген ChAdOx1 коронавирусына қарсы вакцинаны сынаудың екінші кезеңін өткізіп, үшінші кезеңді өткізуге дайындалуда. Оған 1,6 мың адам қатысады деп күтілуде. Үндістанның сарысу институты COVID-19 вакцинасын әзірлеуде бес халықаралық фармацевтикалық компаниялармен, соның ішінде AstraZeneca және Novavax-пен ынтымақтасады.

Сондай-ақ, ел билігі үндістандық Dr. Reddy’s фармацевтикалық компаниясына және Ресейдің тікелей инвестициялар қорына Үндістанда «Спутник V» вакцинасын клиникалық зерттеудің екінші-үшінші фазасын өткізу үшін мақұлдады.

Үндістан коронавируспен ауыратындар саны бойынша әлемде АҚШ-тан кейінгі екінші орында тұр.

Добавить комментарий