Үндістан мен Қытай шекарасында шекара әскерлер арасында қарулы қақтығыс орын алды

Қытай-Үндістан шекарасындағы кезекті қақтығыс екі елдің құрлық күштері қолбасшылығы өкілдерінің келіссөздерінен кейін болды. Кездесу Қытайдың Молдо шекаралық бекетінде өтіп, шамамен 15 сағатқа созылды.

Қытайдың Global Times газеті Үндістанның БАҚ-тарының ҚХР Халық азаттық армиясының 20 әскери қызметкерінің шекарадағы қақтығыста жараланғаны туралы хабарын жоққа шығарды.

Қытайлық басылым шекарашылардың патрульдік журналдарымен танысқанын айтты. Құжаттарда бірнеше күн бұрын болған Үндістан мен Қытай әскерилері арасындағы қақтығыс туралы деректер бар, алайда жоғалғандар мен зардап шеккендер туралы ешқандай жазба жоқ.

«Екі елдің алдыңғы қатарлы күштері арасында аздаған келіспеушіліктер болды, бірақ егер олар шығынға әкеп соққан болса, оларды міндетті түрде Қытай патрульдерінің журналдарында жазылар еді», — деп атап көрсетеді басылым.

Global Times қытайлық сарбаздар зардап шекті деген барлық хабарларламаларды «жалған жаңалықтар» деп атайды.

Естеріңізге сала кетейік, Үндістан-Қытай шекарасындағы Ладакх одақтас аумағы маңындағы жағдай 2020 жылдың мамыр айының басында айтарлықтай шиеленісе түскен болатын. Онда екі елдің әскери қызметшілері қақтығысып, 100-ден астам адам жарақат алған.

2020 жылдың маусым айының ортасында Ладакхадағы Галван өзенінің маңында әскерилер арасында кезекті қақтығыстар орын алды. Үндістан шамамен 20 адамнан айырылып, тағы 76 әскери қызметші жараланды. Үндістан қолбасшылығының мәліметінше, Қытай тарапының шығыны шамамен 45 адамды құрады.

Сол жылдың қараша айында Үндістан мен Қытайдың құрлық әскерлерінің өкілдері екі державаның шекарасында ұстамдылық танытып, даулы мәселелерге қатысты диалог жүргізуді жалғастыруға келісті.

Добавить комментарий