Үндістанның бір өңірінде қатты құрғақшылыққа байланысты дәстүр өткізілді. Кәмелетке толмаған алты қыз жалаңаш көше бойымен жүреді.
Бұл туралы BBC News хабарлады.
Бес жасар қыздар дәстүр бойынша көше бойымен жалаңаш жүріп өтеді. Олардың артынан әйелдер әнұран айтып жүреді. Жергілікті тұрғындардың пікірінше, бұл рәсім «жаңбыр құдайын» арналады.
Үндістанның бала құқығын қорғау жөніндегі Ұлттық комиссиясы ауыл орналасқан Дамох ауданының билігінен есеп беруін сұрады.
Жергілікті әкімшілік өкілі Кришна Чайтанья балалардың ата-аналары рәсімге келісімін беріп, оған өздері де қатысқанын мәлімдеді.