Үнді шайы қымбаттауы мүмкін деп болжануда

Ассам шай плантацияларында және Үндістанның солтүстік-шығысындағы тағы бірнеше аудандарда биыл қуаңшылық жағдайы күрделі болып тұо.

Оған қоса, елде коронавирус жағдайы өршіп тұр.

Шай өндірушілер егер COVID-19-дың дер кезінде ауыздықтамаса, ол құрғақшылықпен бірге егінге кері әсерін тигізеді және сәйкесінше үнді шайы бағасының өсуіне алып келеді деп есептейді.

Үндістан шай өндірушілер қауымдастығының мәліметінше, Ассам штатындағы 90 плантацияда COVID-19 жұқтыру жағдайы анықталды — бұл елдегі шай өнімдерінің негізгі жеткізушісі.

Әзірге тек 500 жағдай ресми түрде расталды, алайда бұл нақты жағдайды көрсетпейді, деп атап өтті қауымдастық. Егер жағдай бақылауға алынбаса, індет шай өнімін уақытылы жинауға кедергі келтіреді және оның бағасы өседі.

Инфекцияның таралуына жұмысшылардың көбісінің тұру жағдайларын қиындатады.

Ассам студенттік шай тайпалары қауымдастығының президенті жергілікті билікке жұмысшылардың «топ-топ болып жұмыс істеп, бірге жүреді», сондай-ақ өте тар ғимаратта тұратынын жазды.

Үндістан билігі жұмысшылар үшін арнайы вакциналау пункттерін аша бастады, алайда оларды екпенің қажетті дозасымен қамтамасыз ете алмауда.

Добавить комментарий