Алматы облысындағы шекара бөлімшесіне Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев есімі берілді.
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі Райымбек ауданы бойынша Шекара басқармасының «Баянқол» шекара бөлімшесінің атауы «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі Райымбек ауданы бойынша Шекара басқармасының «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы» шекара бөлімшесі деп ауыстырылсын.
Қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.