Назарбаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев мереке қарсаңында Қазақстанның мәңгілікке бағыт ұстаған ұзақ жолдың әлі де басында деп санайтынын айтты.

Бұл туралы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шарада айтты.

«Қымбатты отандастар! Тәуелсіздіктің 30 жылдығы – жасампаз Қазақстан тарихының жаңа бір белесі. Еліміз мәңгілікке бағыт ұстаған ұзақ жолдың әлі де басында деп санаймын. ХХІ ғасыр Қазақстанның «алтын ғасырына» айналсын», — деп мәлімдеді Назарбаев.

Оның айтуынша, біріксек қана болашақта жетістікке жетеміз.

Сонымен қатар, Елбасы қазақстандықтарды Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларымен бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

Добавить комментарий