ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинмен кездесу барысында ҰҚШҰ-ға жаңа елдер қосылуы керек екенін айтты
Жүздесу Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында (Ыстықкөл облысы) өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының алдында өтті.
«Осы ұйымның (Еуразиялық экономикалық одақтың — ред.) құрметті төрағасы ретінде оны бақылап отырмын және біз осы ұйымды нығайтуымыз керек, көршілес Өзбекстан, Тәжікстан ұйымға қосылуы қажет, Түрікменстанмен жұмыс істеу керек». — деді Нұрсұлтан Назарбаев.
ЕАЭО — Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік базасында құрылған және 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейтін халықаралық интеграциялық экономикалық бірлестік. ЕАЭО құрамында Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан және Қырғызстан бар.