Навальныйды 13 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Ресейде шетелдік агент деп танылған «Медиазон» басылымы айыптау тарабы Навальныйды алаяқтық пен сотты қорлау айыбымен 13 жылға бас бостандығынан айыруды талап еткенін хабарлады.

Сондай-ақ, Навальныйға 1,2 млн рубль айыппұл салуды сұрады.

Оппозиционерге қатысты алаяқтық бабы бойынша тергеу бір жылдан астам уақыт бұрын басталған. Тергеу мәліметтері бойынша, Алексей Навальныйдың ұйымдары 588 млн рубль жинаған, ол оның 356 млн рублін ұрлап, өз қалтасына басқан.

Сотты қорлау айыбы бойынша іс ардагер Игнат Артеменкоға жала жабу процесіне жатады. Сол кезде саясаткер кінәлі деп танылып, оған айыппұл салынған.

2021 жылғы 2 ақпанда Мәскеудің Симонов аудандық соты Алексей Навальныйдың «Ив Роше» ісі бойынша шартты мерзімін нақты мерзімге ауыстырды. ФСИН да сотқа осындай талап қойды, саясаткер Германияда ем қабылдағаннан кейін Ресейге оралмай, сынақ мерзімінің шарттарын бұзғанын мәлімдеді. Үйқамақта отырған күндерін есепке алып, Навальный колонияда екі жыл сегіз ай жазасын өтейді. Ол Владимир облысындағы Покровтағы колонияға тоғытылды.

Добавить комментарий