19 күн бойы ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың қайда екені белгісіз болды. Алайда, оның жақтастарының ақпаратына сәйкес, ол Ямало-Ненец автономиялық округіндегі «Полярный волк» колониясында табылды. Навальныйдың баспасөз хатшысы Кира Ярмыш оның жағдайы жақсы екенін растады.
ФБК директоры Иван Жданов «Полярный волк» колониясы елдің солтүстігінде орналасқанын, оны ең шалғай колониялардың бірі екенін, ол жаққа бару қиынға соғатынын атап өтті. Колониядағы жағдай өте ауыр.
Алексей Навальныйдың адвокаттары, туыстары мен жақтастары үш аптаға жуық оның қайда екенін білмеді.
6 желтоқсанда онымен байланыс үзілді. Навальный 2021 жылдың басынан бері қамауда отыр, ал 2023 жылдың тамыз айында оған «экстремизм» бабымен айыпталып, 19 жылға бас бостандығынан айырылды, ол жазасын ерекше режимдегі колонияда өтейді.
Алексей Навальный 2021 жылдың басынан бері қамауда отыр. 2023 жылдың тамызында Мәскеу қалалық соты саясаткерді «экстремизм» ісі бойынша 19 жылға бас бостандығынан айырды, ол жазасын ерекше режимдегі колонияда өтейді.