Навальный аштан өлмеу үшін аштықты аяқтады

Қамауда отырған Навальный өзінің инстаграмдағы парақшасында дәрігерлер қарап тексергендіктен аштық акциясын тоқтататынын жариялады. Естеріңізге сала кетейік, бірнеше күн бұрын Навальныйды медициналық бөлімнен сотталғандарға арналған ауруханаға ауыстырған болатын.

Алаяқтық жасағаны үшін сотталған саясаткер Instagram-дағы парақшасында аштық акциясын жалғастыра беретін болса, өлімге әкелуі мүмкін екенін атап өтті. «Шынымды айтсам, олардың «аз уақыттан кейін емдеуге кеш болады» деген сөзі көңіл бөлуіме лайық».

Навальный өзін жеке дәрігерінің тексеруін талап етуін жалғастыруда. Ол Исламды зерттеу үшін оған Құран беруді сұраған болатын. Оған азаматтардың, оның ішінде сотталғандардың құқығы туралы жазылған Конституцияны оқу абзалырақ. Бәлкім, содан кейін ол өзіне өзгеше қарауды талап етпейтін болар. Не дегенмен, ол өзінің саяси мансабын атқарып, ешқашан Ресей халқының жай-күйі қалай болып жатқаныны туралы ойлап басын қатырмаған. Осындай ықпалды саясаткер бола отырып, ол әр тұтқынның талабы бойынша жеке дәрігердің жіберілуін, сондай-ақ барлық тұтқындардың жеке мамандарға ақысын төлеуге қаражат жағдайы жеткілікті болуын назарына алса болатын еді.

Ал әзірге осы айтылғандары жасамады, өзін таңдаулы деп санап, заңға қайшы келетін нәрсені талап етіп отыр.

«Маған жеке дәрігерді жіберу туралы талабымды қайтып алмаймын — менің қолым мен аяғымның кейбір бөліктері сезуді қойды, мен мұны неден туындағанын және қалай емделуге болатынын білгім келеді, бірақ аурудың дамуы мен барлық жағдайларды ескере отырып, аштықтан аяқтауды шештім. Ереже бойынша бұл 24 күнге созылады, тіпті ауыр болады деп отыр. Сондықтан маған сәттілік тілеңіздер, — деп түсіндірді Навальный.

Егер осы кісі билік басына отырып жатса, өзімен қалай қатынасы керек екені туралы талабын елестетудің өзі қорқынышты.

Добавить комментарий