Наурыз айының соңында Түркия басшысы Қазақстанға келеді

30-31 наурызда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның Түркі кеңесіне қатысу үшін Қазақстанға сапары жоспарланған

Бұл туралы түрік көшбасшысының әкімшілігі хабарлады.

Ердоған Қазақстанға Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің (Түркі кеңесі) бейресми саммитіне қатысу үшін келеді.

«Біздің президент 30-31 наурызда Түркі кеңесінің бейресми саммитіне қатысу үшін Қазақстандағы Түркістан қаласына барады деп жоспарлануда», — делінген Ердоған әкімшілігінің хабарламасында.

Қазақстан президентінің әкімшілігі кейінірек сапар туралы егжей-тегжейлі ақпарат беруге уәде берді.

2009 жылғы қазанда құрылған Түркі кеңесі қазіргі түркі мемлекеттерін біріктіретін халықаралық ұйым, оның басты мақсаты олардың арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту болып табылады.

Оның құрамына Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан кіреді, Венгрия бақылаушы ретінде қатысады.

Добавить комментарий