НАТО Украинаны альянсқа қабылдау процесін жеңілдетеді

НАТО бойынша одақтастары Украинаның НАТО-ға қосылу процесін жеңілдету туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ұйымның бас хатшысы Йенс Столтенберг мәлімдеді.

«Біз кезекті рет Украинаның НАТО-ға мүше болатынын мәлімдеп, Альянсқа мүше болу жөніндегі іс-қимыл жоспарына қойылатын талаптарды алып тастауды келістік. Бұл Украинаның НАТО-ға қосылуын жеңілдетеді, екі кезеңдік үдерістің орнына бұл бір кезеңді үдеріс болады», — деді Столтенберг Вильнюстегі баспасөз мәслихатында.

«Одақтастарымыз барлық талап орындалды деген қорытындыға келгенле, біз Украинаны НАТО-ға қосылуға шақырамыз», — деді ол.

Столтенбергтің айтуынша, НАТО саммитінде Украина-НАТО кеңесін құру, сондай-ақ көпжылдық қолдау бағдарламасы келісілді, оның мақсаты — Украина Қарулы Күштерін НАТО стандарттарына келтіру.

Бас хатшы НАТО Украинаны Альянсқа мүше болу жөніндегі іс-қимыл жоспары бойынша талапты алып тастау қарастыратынын мәлімдеді.

11-12 шілдеде Вильнюсте НАТО саммиті өтеді.

Добавить комментарий