НАТО-ға мүше елдер Украинаға саяси қолдау білдіру үшін серіктестіктің кеңейтілген форматын ұсынбақшы, алайда нақты ұйымға қосу жоспары жоқ.
Euractiv басылымында жарияланған ақпаратқа сәйкес, НАТО-ға мүше елдердің бірнеше дипломаты «Украина-НАТО» кеңесін құруды қоса алғанда, Украина мен Альянс арасындағы қарым-қатынасты нығайту идеясы алға бір қадам ретінде қолдау тапқанын растады.
Келесі аптада НАТО елдерінің сыртқы істер министрлері Ослода кездесіп, болашақ органның форматын, оны құру мерзімін, сондай-ақ Украинаның мүшелікке ену перспективаларын және әскери көмекті жалғастыру мәселесін талқылайды.
Ұсыныс Украинаның қазіргідей пікірталастарға қонақ ретінде ғана емес, «Украина-НАТО» кеңесіне толық мүшелігің көздейді, .
Мұндай орган Киевке серіктестеріне ұрыс алаңындағы қазіргі жағдай туралы тікелей ақпарат беруді жеңілдете отырып, қажет болған жағдайда кездесулерге бастамашылық етуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, кеңейтілген әріптестік жаңа салалардағы ынтымақтастыққа және жалпы ынтымақтастықты тереңдетуге мүмкіндік береді. Барлау мен консультацияларды егжей-тегжейлі алмасу, бірлескен оқу-жаттығулар, қорғаныс өнеркәсібіне инвестициялар және қарулы күштердің үйлесімділігін арттыру маңызды аспектілер болып табылады.