НАТО Украинаға әскерін жіберуі мүмкін

НАТО-ның бұрынғы бас хатшысы кейбір елдер Украинаға әскерін жіберу мәселесін қарастыруы мүмкін деп санайды

Украина үшін қауіпсіздіктің болашақ кепілдіктерін талқылауға байланысты НАТО-ның бұрынғы бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен Альянстың кейбір мүшелері өз әскерлерін Украина аумағында орналастыруға келісуі мүмкін деп мәлімдеді.

Бұл туралы The Guardian хабарлады.

Расмуссен НАТО Вильнюсте өтетін саммитте Украинаның мүшелігі немесе оның қауіпсіздік кепілдіктері туралы шешім қабылдамаса, кейбір елдер өз бетінше шара қабылдауы мүмкін деп мәлімдеді.

Ол Польша Украинаға көмек көрсетуде белсенді екенін және Польша мен басқа да Балтық елдерін ұлттық деңгейде, тіпті өз әскерлерін Украина аумағында орналастыруы мүмкін екенін атап өтті.

Расмуссен Вильнюстегі саммит Украина үшін сәтсіз өтсе, онда Польша көмек көрсетуге ниет білдірген мемлекеттердің коалициясын құруды қарастыратынын және Украина үшін мұндай әскери қолдауға жүгіну заңды екенін атап өтті.

НАТО мен Батыс мемлекеттерінің ресми өкілдері өз әскерлерін Украина аумағында орналастыру мүмкіндігін бірнеше рет жоққа шығарды.

 

Добавить комментарий