НАТО блогының қорғаныс бюджетін жаңадан ұлғайту туралы шешім қабылданды. Ұйымның Бас хатшысы бұл үрдістің болашақта жалғасатынын мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетейік! НАТО мемлекеттерінің жиынтық қорғаныс шығындары 2020 жылы $1 092,5 млрд құрайды. Бұл 2019 жылға қарағанда $61 млрд артық. Мұны альянстың әскери шығындары туралы статистикалық баяндамадағы деректер дәлелдейді.
Бұл ақшаның ішінде АҚШ-тың қорғаныс шығындары $784,95 млрд, Еуропа мен Канада мемлекеттерінің шығындары $307,53 млрд құрайды.
НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг еуропалық альянс мүшелері мен Канада биыл қорғаныс шығындарын 4,3%-ға ұлғайтқанын мәлімдеді.
«Бұл еуропалық одақтастар мен Канада шығындарының артуының алтыншы жылы, біз бұл үрдіс сақталады деп күтеміз», — деді Столтенберг НАТО Қорғаныс министрлігі басшыларының кездесуі алдында өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, одақтастар «күштер мен құралдарға, сондай-ақ операцияларға қатысуға» инвестициялауды күшейтуді жалғастырады.
«Бұған дейін НАТО елдері бес жыл ішінде қорғаныс шығындарын $400 млрд ұлғайтады деп хабарланған болатын. «Бұл бұрын-соңды болмаған прогресс», — деп мәлімдеді Столтенберг.