НАТО Бас хатшысы Столтенберг Ресейге қосылу мәселесі бойынша өткізілетін референдумдарды заңды деп санамайтынын жариялады.
Әңгіме Донбасс республикаларында, Запорожье және Херсон облыстарында өткізілетін референдумдар туралы болып отыр.
Бұл туралы сейсенбі, 20 қыркүйек күні альянстың бас хатшысы Йенс Столтенберг мәлімдеді.
«Бұл жағдайдың одан әрі шиеленісуіне алып келеді… Халықаралық қауымдастық халықаралық құқықтың өрескел бұзылуын айыптап, Украинаны қолдауды күшейтуі тиіс», — деп жазды ол Twitter-дегі парақшасында.
Дәл сол күні ГФР канцлері Олаф Шольц басып алынған аумақтардағы референдум нәтижелерін Германияның мойындамайтынын айтты. Ол сондай-ақ Украина өз елінің тұтастығы мен егемендігін және демократиясын қорғауға толық құқылы екенін және Германия оны қолдайтынын атап өтті.
Ресейлік БАҚ хабарлағандай, Ресейдің құрамына қосылу туралы референдум 23-27 қыркүйек аралығында Донецк және Луганск халықтық республикаларында өтеді. Сондай ақ, дәл сол күндері референдумдар Херсон және Запорожье облыстарында өтеді.