НАТО мен АҚШ Ауғанстан жерінен әскерлерін шығара бастады

Вашингтон Ауғанстан Ислам Республикасының аумағынан әскерлерін шығара басталғанын хабарлады. Бұл ақпаратты Ақ үйде растады.

«Пентагонның өкімі бойынша, менің есіме салып өткендей, АҚШ әскерлері мен олардың одақтастарының әскерлерін шығару кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін АҚШ әскерилерінің қосымша контингенті жіберіледі. Алдағы апталар мен айларда ӘК Орталық қолбасшылығы АҚШ әскерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жағдайды бағалайтын болады және қажет болған жағдайда Ауғанстанға немесе ол жерден қосымша күш жіберуі мүмкін, — деді Ақ үйдің өкілі Карин Жан-Пьер.

Алайда ол бұл операция бастапқы кезеңде Ауғанстандағы американдық әскери контингентінің ұлғаюына алып келетінін атап өтті.

Оның айтуынша, АҚШ әскерлерін Ауғанстаннан шығаруда асығыстық танытпайды, бірақ әдістемелік түрде және қауіпсіз өтеді. Ол әскерлерді шығару 11 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланып отырғанын еске салды.

Ақ үй өкілі егер Ауғанстаннан әскерлерді шығару кезінде шабуылға ұшырайтын болса, АҚШ өзін және одақтастарын «кез-келген жолмен» қорғауға дайын екенін атап өтті.

«Біздің ықтимал қарсыластарымыз әскерлерді шығару кезінде бізге шабуыл жасайтын болса, біз өзімізді және одақтастарымызды кез-келген жолмен қорғайтынымызды білуі керек», — деп хабарлады Карин Жан-Пьер.

Бұған дейін контингент қолбасшысы генерал Скотт Миллер АҚШ пен НАТО Ауғанстандағы базалардан қызметкерлерді шығара бастағанын мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, Батыс әскерилері «барлық базаларын Ауғанстан күштеріне береді».

Ақ үй бұған дейін әскерлерді шығару 1 мамырдан 11 қыркүйекке дейін жалғасады деп жариялаған болатын.

Добавить комментарий