Нұрсұлтан Назарбаев «Спутник V» вакцинасының бірінші компонентін алды

Бүгін Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік Covid-19 қарсы «Спутник V» вакцинасының бірінші компонентін алды.

Нұрсұлтан Назарбаев екпе салдырғаннан кейін қазақстандықтарды вакциналауға шақырды.

«Қазіргі таңда Қазақстанда үш миллионға жуық адам вакцина салдырды. Бүгін мен де коронавирусқа қарсы вакцина алдым. Барша қазақстандықтарды белсенді түрде вакцинация жасатуға, одан қорықпауға шақырамын. Әсіресе қазір вирустың жаңа штамы пайда болған кезде вакцина салғызудың маңызы ерекше. Бұл өз денсаулығымыз үшін керек. Біз күрделі уақытта өмір сүріп жатырмыз. Осы қиындықты бірлесіп еңсеруге тиіспіз. Баршаңызға шын жүректен мықты денсаулық пен бақ-береке тілеймін», — деді Елбасы.

Добавить комментарий