Нұрсұлтан Назарбаев «Шымкент ескі қалашығына» іс-сапарымен барды

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның көне тарихи орындарының бірі болып табылатын «Шымкент ескі қалашығы» тарихи-мәдени мұра ескерткішіне (Цитадель) барды, деп хабарлайды Елбасының ресми сайты.

Сапар барысында Елбасы археологиялық жұмыстардың нәтижелерімен және мәдени кешенді одан әрі дамыту жоспарларымен танысты. Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, 2021 жылы кешен аумағында үш деңгейлі орта ғасыр мұражайы мен 500 орындық амфитеатрдың құрылысы басталады.

Сонымен қатар, нысанды аралау аясында қала әкімі М. Әйтенов Шымкенттің туристік әлеуеті мен оның даму перспективалары туралы айтып берді. «Шымкент ескі қалашығы» (Цитадель) — жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының археологиялық объектісі.

Жалпы қалашықта барлығы үш стратиграфиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Қалашықтың мәдени саласының қуаты жалпы алғанда 14 метрді құрады. Қалашықтың ең төменгі қабатында керамика кешені жиналған, ол б.з.д III ғасырдың аяғы — б.з.д II ғасырдың басынан басталады, бұл урбандалған Согда қоныстарына сәйкес келеді.

Добавить комментарий