«Нұрсұлтан Назарбаев АХҚО қызметімен, соның ішінде елге ауқымды шетелдік капитал тарту, адами әлеует пен креативті экономиканы дамыту бағытындағы жұмыстармен танысты», — делінген хабарламада.
ОХҚА басқарушысы Қайрат Келімбетов Қазақстанның Тұңғыш Президентіне «Астана» халықаралық қаржы орталығының 2025 жылғы дейінгі даму стратегиясының іске асырылу нәтижелері, сондай-ақ алдағы орындалу жоспары туралы баяндады.
Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудағы және ұлттық экономиканы дамытудағы «Астана» халықаралық қаржы орталығының маңызды рөлін атап өтті.