Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин білім сапасы үшін жауапкершілік жоғары оқу орындарының өздеріне жүктеледі, алайда білім беру қызметін бақылау сақталады деп санайды.
Бүгін жалпы отырыста Мәжіліс білім беру мәселелері бойынша депутаттық түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Депутаттар әзірлеген заң жобасы білім беру процесін жетілдіруге, оның ішінде білім беру қызметтерін көрсету мониторингін жүзеге асыруға бағытталған. Осыған байланысты білім беру жетістіктерінің ұсынылып отырған мониторингін қолданыстағы оқу жетістіктерін сыртқы бағалаудан өзгешелендіру туралы мәселе көтерілді.
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің пікірінше, білім сапасын бағалау тетігі — оқу жетістіктерін сыртқы бағалау немесе білім жетістіктерінің мониторингі қалай аталатыны маңызды емес, яғни бұл 2018 жылы жоғары оқу орындарына ұсынылған академиялық және басқарушылық дербестікке сәйкес келе ме.
«2021 жылдан бастап жоғары оқу орындары жеке үлгідегі дипломдарды бере бастайды. Осылайша, заң жүзінде жоғары оқу орындарына білім беру қызметінде толық дербестік берілген. Олай болса, білім сапасына жоғары оқу орындарының өздері жауапты болады», — деді Нұрлан Нығматулин.
Сонымен қатар, Мәжіліс спикерінің айтуынша, ЖОО-ның дербестігі — дипломдарды мөртаңбалау мүмкіндігі деп санаудың қажеті жоқ. «Әрбір ЖОО өз дипломымен бағалауы керек. Осыған байланысты жоғары оқу орындарында білім беру жетістіктеріне мониторинг жүргізу қаншалықты орынды деген сұрақ туындайды? Оның үстіне, бұл мониторинг қандай да бір ЖОО-ның білім беру бағдарламаларының сапасы туралы ешқандай түсінік бермейді.
Тағы бір айта кететін жағдай, білім беру қызметін бақылау керек. Енді ЖОО-лар бақылаусыз қалуы мүмкін деген жалған пікір қалыптаспауы керек», — деп атап өтті Нұрлан Нығматулин.
Мәжіліс спикері атап өткендей, мұндай бақылау бар — кәсіпкерлік субъектілері ретінде барлық жоғары оқу орындарын бақылау Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. «Білім министрлігі Бас прокуратураның Құқықтық статистика орталығы (ҚСО) арқылы нарық субъектісі ретінде, ал барлық жоғары оқу орындары — қазір нарық субъектілері, біліктілік талаптарына, білім беру стандарттарына сәйкес келеді.
Бұл уәкілетті органға, яғни Білім министрлігіне жоғары оқу орындарының білім беру қызметіне тереңірек талдау жасап, оларға тиісті баға беруге мүмкіндік береді», — деді Нұрлан Нығматулин жұмыс тобына әзірлеушілермен бірге екінші оқылымға дейін бұл мәселені тағы да мұқият қарастыруды тапсырды.