Мәжілісте Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Майкл Гиффордты қабылдады.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. Келер жылы Қазақстан мен Ұлыбритания арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толатынын атап өтті.
Мәжіліс Спикері осы жылдар ішінде сенімді саяси диалог орнағанын, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимыл белсенді дамып келе жатқанын атап өтті. Бұл ретте Нұрлан Нығматулин Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Британ ынтымақтастығын нығайтуға ерекше мән беретініне назар аударды.
Мәжіліс Спикері осы жылдар ішінде сенімді саяси диалог орнағанын, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимыл белсенді дамып келе жатқанын атап өтті. Бұл ретте Нұрлан Нығматулин Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Британ ынтымақтастығын нығайтуға қосқан үлесі елдер арасындағы стратегиялық әріптестіктің жаңа кезеңіне шығуға мүмкіндік бергеніне назар аударды.
Мәжіліс Спикерінің айтуынша, қазіргі уақытта қос мемлекеттер арасындағы жаңа стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімді қабылдау үшін белсенді жұмыс жүргізілуде.
Өз кезегінде, Майкл Гиффорд екі жақты қарым-қатынастың деңгейін жоғары бағалап, экономикалық серіктестік пен парламентаралық байланысты дамытудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, Елші Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған реформаларды қолдайтынын жеткізді.
Нұрлан Нығматулин мен Майкл Гиффорд қазақстандық және британдық Парламент өкілдері арасындағы диалогты жандандыру екі ел үшін де тиімді болатынына сенім білдірді.