Нұр-Сұлтандағы орталық стадионды апатты деп тану үшін пара алған

Антикор елордалық стадионды апатты деп тану үшін 5 млн теңге төленгенін хабарлады.

ТЖД басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы елордалық стадионды одан әрі бұзу үшін апатты деп тануға жәрдемдескені үшін пара алу фактісі бойынша тергеп-тексеру амалдарын бастады.

Елордалық ТЖД басқармасының басшысына қатысты ЖШС директорынан 5 млн теңге көлемінде пара алу фактісі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Күдіктілерге қатысты олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, қорытынды шешімді сот қабылдайды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадион 2020 жылы апатты деп танылды. 2021 жылдың қазан айында елорда әкімдігінің баспасөз қызметі стадион сүріліп, оның орнына жаңа құрылыс салынатынын хабарлаған болатын.

Добавить комментарий