Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пралиева карантиндік ережелерді бұзған қазақстандықтарға қандай сомаға айыппұл салынғаны туралы хабарлады.
«Субъектілер де, жеке тұлғалар да әлеуметтік қашықтықты сақтау, бетперделерді тағып жүру бойынша шараларды бұзуда, жаппай іс-шараларды өткізуге тыйым салу сақталмайды. Аудандық полиция департаментінің басқармалары шектеу және карантиндік шараларды енгізу кезеңінде жалпы сомасы 122 526 468 теңге болатын 550 айыппұл салды. Оның ішінде жеке тұлғаларға қатысты — 246 және кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты — 304 «, — деп хабарлады Жанна Пралиева әкімдікте өткен брифингте.
Қоғамдық тамақтану объектілерінің, көңіл көтеру орындарының иелері әкімшілік жауапкершілікке бірнеше рет тартылғанына қарамастан өз қызметін жалғастырған негізгі қасақана бұзушыларға айналды.
«Кәсіпкерлік субъектілерінің арасында бірнеше рет карантин режимін бұзған қасақана тәртіп бұзушылар бар. Мысалы, Есіл ауданында Тұран көшесінде орналасқан «Aura Club Alanya» түнгі клубы. Шектеу және карантиндік шараларды бұзғаны үшін сегіз рет әкімшілік жауапкершілікке тартылды, атап айтқанда белгіленген жұмыс кестесін, бетперде режимін, әлеуметтік арақашықтықты сақтамағаны, келушілер санынан асқаны үшін”, — деп толықтырды елорданың бас санитарлық дәрігері.