Елорда әкімі Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтанда тұрғын үйге одан да көп азаматтар ие бола алатынын айтты.
«Елордада тұрғын үй сертификатын алушылар санатын кеңейтеміз. Егер бұрын тізімде тек толық емес отбасылар, көп балалы отбасылар және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар болса, қазір тізімге халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының барлық санаттарын енгіземіз. Оның ішінде, жетім балалар. Азаматтарды қабылдауда негізгі мәселелердің бірі тұрғын үй болып табылады. Осы мәселені көтерген жетім балалармен бірнеше мәрте жеке кездестім. Санаттар тізбесін кеңейту жөніндегі құжаттың жобасын мәслихаттың жақын арадағы сессиясына шығарамыз. Нормативтік-құқықтық рәсімдер аяқталғаннан кейін алушылар санаттарының жаңа тізімін бекітеміз. Тұрғын үй сертификаттары 1 млн теңге көлемінде бөлінеді, оларды да «Шаңырақ» (5-10-20) жобасына қатысу үшін пайдалануға болады», — деп жазды Алтай Көлгінов Instagram парақшасында.
Осылайша, алушылар тізіміне бұрын бекітілгендерден басқа жетім балалар, I және II топтағы мүгедектер, зейнеткерлер, ҰОС ардагерлері, жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау кезінде қаза тапқан отбасылар, әскери қызмет кіреді.
Сондай-ақ экологиялық апаттар, табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған көп балалы аналар, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған адамдар
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ағымдағы жылы қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемі үш есеге артты. Бұдан басқа, ҚИК-мен бірлесіп, әлеуметтік пәтерлерді алушылар санаты кеңейтілді. Биылғы жылы дәрігерлер мен мұғалімдерден басқа бір мың пәтерге әлеуметтік қызметкерлер, полицейлер, мәдениет және спорт қайраткерлері үміткер бола алады.