Нұр-Сұлтанда сатылымда доллар жоқ

Елорданың айырбастау пункттері кассада доллар жоқ екенін айтып, оны сатпай отыр.

Алайда олар клиенттердің валютасын қуана-ұуана сатып алып жатыр.

Қазақстандық банктердің бөлімшелерінде орналасқан айырбастау пункттері де долларды сатпай отыр.

Мұндай жағдай Қазақстанның астанасы мен Алматыда бірінші күннен бері байқалып отыр.

Ашық ақпарат көздерінен алынған деректер бойынша, Нұр-Сұлтанда долларды 519 теңгеге сатып жатыр. Бірақ іс жүзінде ақша айырбастау пунктерінде доллар сатылып жатқан жоқ.

Ұлттық банкте теңгенің рубльге қатысты бағамы қандай болатыны айтылды

2022 жылғы 11 наурыздағы таңғы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа алынған бағамы 510,26 теңге деңгейінде қалыптасты.

«Қазіргі уақытта шетел валютасына сұраныс көлемі іргелі факторлардың әсерімен емес, белгісіздік жағдайында халық пен бизнестің алаңдаушылығымен анықталады. Қазақстанның экспорты мен саудасына санкциялардың жоқтығын назарға ала отырып, нарық қатысушыларының мұндай қауіптері шамадан тыс саналады», — деп атап өтті Молдабекова.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің деректері бойынша валюта нарығында қауіп сақталып отыр. Ол халықтың шетел валютасына, оның ішінде өз депозиттерін теңгеден долларға немесе евроға айырбастауға деген сұранысының артуына байланысты.

Бұл тәуекелдерді бәсеңдету үшін агенттік банктер 2022 жылғы 1 маусымға дейін сақтауға міндеттелетін бірқатар нормативтерді енгізеді. Ол ЕДБ-ге төлемдер мен ақша аударымдары бойынша клиенттер алдындағы өз міндеттерін уақтылы орындауға мүмкіндік береді.

Добавить комментарий