2021 жылғы 1 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында полицейлер мен мұғалімдерге вакцина салу науқаны басталды.
Бұл санатқа мұғалімдер, балабақша тәрбиешілері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері жатады. Елорданың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бұл топтағы вакцина алушылар тізімінде 15 мыңнан астам адам кіреді.
Осы санаттағы адамдарды вакцинациялау үшін елордада алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 36 ұйымда екпе егу пункттері ұйымдастырылды. Сондай-ақ екпе салдыртуда ведомствоаралық ұйымдар да қатысады.
Мұғалімдер мен тәрбиешілерге екпе егу АМСК ұйымдарына білім беру ұйымы бекітілген жері бойынша жасалады. Екпе алатындардың тізімі жасақталып, емханаларға вакциналау үшін жіберілді, — деп толықтырды Басқармада.
1 ақпаннан бастап Нур-Сұлтанда барлығы коронавирустық инфекцияға қарсы 2 126 адам егілді. Өткен демалыс күндері Басқарманың қоймаларына вакцинаның 7 мыңнан астам дозасы жеткізілді.