Нұр-Сұлтанда неке алаяғы ұсталды

Нұр-Сұлтанда әйелдермен романтикалық қарым-қатынас орнатқаннан кейін оларды тонаған алаяқ ұсталды.

«Әйел ер адаммен әлеуметтік желіде танысқан. Бірте-бірте ер адам оның сеніміне кіріп, байланыстары арқылы арзан бағамен пәтер сатып алуды ұсынады. Жәбірленуші келісіп, жаңа танысына 4 млн теңгеден астам қаржы береді. Ақшаны алған соң ер адам қоңырауларға жауап беруді біртіндеп тоқтатып, кейін мүлдем жоғалып кетті», — деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізген кезде алаяқтық жасады деген күдікті анықталып, ұсталды.

Полицейлер ер адамның осыған ұқсас екі қылмыс жасады деп күдіктеніп отырғанын және бұған дейін алаяқтық жасағаны үшін сотталғанын анықтады.

Алдау үшін ол романтикалық қарым-қатынас орнатқан әйелдерді таңдады. Сеніміне кіргеннен кейін күдікті пәтерді төмен бағамен сатып алуды немесе қымбат тұратын телефонның түпнұсқасын арзан бағамен сатып алуды ұсынады.

Ұсталған адам Нұр-Сұлтан қаласы ПД-ның УҰИ-на қамалды. Осы факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы («алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі.

Добавить комментарий