Нұр-Сұлтанда наркологиялық көмек мәселелері бойынша сенім телефоны іске қосылды

Бірыңғай байланыс орталығының базасында наркологиялық көмек мәселелері бойынша сенім телефоны іске қосылды, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан тұрғындары үшін наркологиялық көмекті тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде мамандандырылған Қалалық психикалық денсаулық орталығы көрсетеді. Орталықтың қызметі психоактивті заттарға (есірткі, басқа да дәрілік препараттар) тәуелділіктен зардап шегетін науқастарды емдеуге, оңалтуға, консультациялауға бағытталған.

Бүгіннен бастап iKOMEK109 елорда тұрғындарына наркологиялық көмек мәселелері бойынша тәулік бойы 1-0-9 қысқа телефон нөмірі арқылы (ұялы және стационарлық телефондардан тегін) консультация беретін болады.

Наркологиялық тәуелділікке қатысты барлық қоңыраулар мен өтініштер жасырын режимде өңделетінін айта кеткен жөн. Нашақорлық, маскүнемдік, құмар ойындарға тәуелділік – бұл тек бір ғана емделушінің басындағы ғана емес, оның бүкіл отбасының түйткілді проблемасы, себебі тәуелділіктен зардап шегетіндер тек өзін емес, айналасындағының бәріне қиындық келтіреді.

Жақыныңыз психоактивті заттарға тәуелді екенін байқасаңыз, iKOMEK бірыңғай байланыс орталығына 1-0-9 нөмірі арқылы немесе төмендегі балама құралдар арқылы жүгінуді сұраймыз:

  • әкімдіктің ресми сайты astana.gov.kz;
  • – iKOMEK109 мобильді қосымшасы (PlayMarket/AppStore);
  • Telegram чат-боты (t.me/nursultanikomek109_bot);aitu.city.
  • Smart Astana мобильді қосымшасы (PlayMarket/AppStore);
  • aitu.city порталы.

Добавить комментарий