Нұр-Сұлтанда қандай нысандарға Елбасының есімі берілді

2003 жылы Назарбаевтың бастамасымен «Бәйтерек» монументі салынды, онда 97 метр биіктікте президенттің оң қолы таңбаланған «Аялы алақан» композициясы бар. Сол жерге қолын қойып тұрып іштей тілек тілеу бүгінде жағымды дәстүрге айналған

2009 жылы елордада «Қазақ Елі» сәулет-мүсін кешені ашылды. Оның бірінші барельефі «Елбасы және халық» деп аталады, онда ант беріп тұрған Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесі бейнеленген.

2010 жылы Тұңғыш Президенттің бастамасымен Назарбаев Университеті құрылды.

2011 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» туралы заң қабылданып, тиісті оқу орны ашылды.

2014 жылы Тұңғыш Президент мұражайы Ақорда резиденциясына маңындағы жаңа ғимаратқа көшті. Қазір ол ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы кітапханасы деп аталады, онда Тұңғыш Президент қоры орналасқан.

2017 жылы Үкіметтің қаулысымен Астана халықаралық әуежайына Назарбаевтың есімі берілді.

2019 жылғы 20 наурызда парламенттің екі палатасы Астана қаласының атауын Нұр-Сұлтан деп өзгертуді қолдап дауыс берді. Үш күннен кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды.

2020 жылы карантин кезінде және коронавирус пандемиясы шарықтау шегіне жеткенде Назарбаев Орталығының кітапханасы орналасқан ғимарат аяқталды. Кешенде кітапхана, мұрағат, мұражай, мәдени-білім беру және ғылыми-зерттеу орталығы бар.

2021 жылы Назарбаев Орталығының жанындағы саябақта Елбасына арналған ескерткіш орнатылды. Ал оған дейін бір жыл бұрын Нұр-Сұлтандағы Ұлттық қорғаныс университетінің аумағында Назарбаевтың әскери формадағы ескерткіші қойылған болатын.

Қазір Назарбаев 81 жаста. 2019 жылы ол ресми түрде президент өкілеттігін тапсырды. Қазір ҚР Қауіпсіздік кеңесін басқарады.

Добавить комментарий