Нұр-Сұлтанда 70 жастағы зейнеткер ұялы телефон ұрлады деп күдіктеніп отыр

Елордада 70 жастағы зейнеткер ұрлық жасады деген күдікке ілінді.

Ер адам кафеде отырғанда отбасының үстелге ұялы телефондарын қойғанын көрген. Оның әрекетін ешкім бақыламай тұрғанын пайдаланып, шығуға бет алған ол үстелден жалпы құны 150 мың теңге тұратын «Samsung» маркалы екі ұялы телефонды алып, кафеден шығып кетті.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған 70 жастағы зейнеткерді ұстады. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Ұрланған телефондар тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Полицияға жеткізілген зейнеткер бәрін мойындады.

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары, сіздерден қырағылық танытуларыңызды сұраймыз. Жеке мүлiктi ұрлау қылмыстың неғұрлым кең таралған түрi болып табылады. Оларды жасауда азаматтардың жеке мүлкінің сақталуына ұқыпсыз қарауы маңызды рөл атқарады. Жеке заттарыңызды (сөмкелер, ұялы телефондар, киімдер және т.б.) қараусыз қалдырмаңыз. Қымбат заттар мен ірі ақша сомаларын көрсетпеуге тырысыңыз.

Добавить комментарий