Нұр-Сұлтан әуежайынан 101 адам карантинге жіберілді

Елордалық Денсаулық сақтау басқармасы Нұр-Сұлтан әуежайына келген 101 жолаушы карантинге жіберілді деп хабарлады. Бұл алты ұшақ айлағында теріс нәтиже туралы анықтамасы жоқ адамдардың болуына байланысты болды.

Бүгін түнде Нұр-Сұлтан әуежайына 6 ұшақ қонды. 101 жолаушының ПТР-тестері болмаған немесе мерзімі өткен, оларды стационарлық карантинге жіберді.

Рейстерді Turkish Airlines, Air Astana, Belavia және Flydubai әуе компаниялары жүзеге асырды.

Карантинге жіберілген жолаушылар ПТР-тестілерін тапсырып, оларды үйіне жібереді. Оң нәтиже болған жағдайда оларды жұқпалы аурулар стационарына жібереді.

Анықтама:

6 қазан күні сағат 00:00-де ҚР Бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекцияның алдын алу шараларын одан әрі күшейту туралы жаңа қаулысы күшіне енді.

Естеріңізге сала кетейік, жаңа ережелерге сәйкес бірқатар шектеулер бар:

  • ҚР-ға шетелден авиарейстермен келетін барлық адамдар термометриядан, сауалнамадан өтеді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде кем дегенде 72 сағат бұрын алынған ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтаманы ұсынуы керек.
  • Анықтама болмаған жағдайда ҚР азаматы болып табылмайтын адамдарға кіруге рұқсат берілмейді.
  • Дене температурасы қалыпты болып, анықтама берген, адамдардан тиісті қолхат алына отырып, CОVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі, олар баратын жеріне шыға алады .
  • Келген азаматтың дене температурасы жоғары болса, Анықтаманың болуына қарамастан, COVID-19 зертханалық тексеру жүргізу үшін 2 тәулікке дейін карантиндік стационарда оқшаулауға жатқызылады.
  • COVID-19 зертханалық зерттеулерінің нәтижелерін алғаннан кейін оң нәтижесі бар адамдар жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылады, теріс нәтижесі бар адамдардан тиісті қолхатты ала отырып COVID-19 белгілері туралы түсіндіру жүргізіледі.
  • Шетелден келген ҚР азаматтары анықтама болмаған жағдайда ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қарау үшін карантиндік стационарға 2 тәулікке оқшаулауға жатады.
  • COVID-19-ға зертханалық зертеп-қарау нәтижелерін алғаннан кейін COVID-19-ға теріс нәтижемен келген адамдардан тиісті қолхат алына отырып, CОVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі.
  • COVID-19-ға оң нәтижемен келген адамдар жұқпалы аурулар стационарының карантиндік изоляторына жатқызылады.

 

Добавить комментарий