Нұр-Сұлтан қаласы «Алау» мұз сарайының аумағында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтті.
«Алау» мұз сарайының аумағында терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб өткізген бұл жоспарлы іс-шара терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізу жоспарлануда
Бұған дейін оқу-жаттығу 2021 жылдың сәуір айының 27 күні сағат 08:00-11:00 аралығында өтеді деп хабарланған болатын.
Іс-шараның мақсаты террористік көріністерге шұғыл әрекет ерекет ету, терроризм актісінің салдарын барынша азайту және оларды жою бойынша міндеттерді орындауға штаб күштері мен құралдарының практикалық дағдыларын дамыту болып табылады.
Елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың хабарлауынша, оқу-жаттығу қиындықтың түрлі элементтерімен ұрыс жағдайларына барынша жақындатылған.
Шектеу шаралары, оның ішінде «Алау» мұз сарайы аумағында көлік қозғалысы бойынша шаралар көзделген.
Осыған байланысты азаматтарды өткізіліп жатқан оқу-жаттығу шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдардың жұмылдырылған қызметшілерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз.