Нұр-Сұлтан СOVID-19 бойынша «сары» аймаққа қайта кірді

Елорда коронавирустық инфекцияның таралу қарқыны бойынша «сары» аймаққа қайта енді, деп хабарлады Ұлттық қоғамдық денсаулық орталығы.

Енді қолданыстағы карантин шаралары сақталатын және оның сақталуына бақылау күшейтілетін «сары» аймақта екі ірі мегаполис — Алматы мен Нұр-Сұлтан орналасқан.

Естеріңізге сала кетейік, 11 қарашада елорда әкімі Алтай Көлгінов қаланың «сары» аймаққа кіргенін мәлімдеген болатын. «Жасыл» аймақта Нұр-Сұлтан 24-29 қараша аралығында бірнеше күн ғана болды.

Қатаң шектеу шаралары енгізілген коронавирустық инфекциямен таралуы бойынша «қызыл» аймаққа қазір бес өңір кірген: ШҚО, СҚО, Павлодар, Қостанай және Ақмола облыстары. Қалған барлық өңірлер «жасыл» аймақта орналасқан.

Өткен тәулікте елордада COVID-19 жұқтырудың 54 жағдайы анықталды.

Добавить комментарий