Нұр-Сұлтан: сот міндетті вакцинация туралы қаулының тармақтарына берілген шағымды қанағаттандырмады

Нұр-Сұлтандағы сот ҚР бас санитарлық дәрігерінің міндетті вакцинацияны көздейтін қаулысының күшін жою туралы талап-арызды қаулыларды шығару кезінде заңнама нормаларының бұзылуын анықтағамағандықтан қанағаттандырудан бас тартты..

Нұр-Сұлтан қаласының МАӘС ҚР бас санитарлық дәрігерінің қаулыларын даулау туралы 35 азаматтың жеті әкімшілік талап-арызы бойынша шешім шығарылды, деп хабарлады қалалық соттың сайты.

Іс материалдарының мән-жайлары

Істер бір істі жүргізуге біріктірілген. Талапкерлер вакцинацияланбаған жұмыскерлер үшін міндетті ПТР-тестілеу туралы, белгілі бір мерзімдерде профилактикалық егулер жүргізуді ұйымдастыру туралы, COVID-19-ға қарсы вакцинация алмаған жұмыскерлер үшін күндізгі режимде жұмыс істеуге рұқсат беруді шектеу туралы қаулылардың тармақтарына шағым келтірілді.

Сот қаулыларды шығару кезінде заңнама нормаларының бұзылуын анықтамағандықтан әкімшілік талап қоюды қанағаттандырудан бас тартты.

Фото: Нұр-Сұлтандағы сот бас дәрігердің міндетті вакцинация көздейтін қаулының тармақтарын күшін жою туралы талап қоюды қанағаттандырудан бас тартты

Соттың пікірінше, азаматтардың еңбек құқықтары бұзылмаған, өйткені COVID-19-ға қарсы вакцинацияланбаған жұмыскер кепілдендірілген еңбек құқықтарын сақтайды, еңбек функцияларын қашықтан жүзеге асыруға рұқсат етіледі, бұл үшін қажетті жағдайлар жасалуда.

«Қаулылардың даулы тармақтары вакцинацияны ұйымдастыру мәселесін регламенттейді және вакцинаны алу міндетін жүктеу ретінде саралануға тиіс емес. Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығына қандай да бір вакцинаны жіберу препараттың қойылатын талаптарға сәйкестігін білдіреді. Анықталған мән-жайлардың бәрін, жалпы әлемдік инфекциямен күресуге бағытталған шараларды қабылдаудың қажеттілігін ескере келіп, сот бас санитарлық дәрігердің қаулыларын заңсыз деп тануға негіз жоқ деп тапты», — деп түсіндірді соттағылар.

Добавить комментарий