Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжам

Қазақстандық синоптиктер алдағы үш күнде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында қандай ауа райы болатынын айтты.

Нұр-Сұлтанда алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі

29 қазанда — көшпелі бұлт шығады, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 2-7 м/с, күндіз 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -1 -3°C, күндіз +5 +7°C болады.

30 қазан — көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 0°C, күндіз +2. +4°C болады.

31 қазан — көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде және күндіз ауа температурасы +1 +3°C жылы болады.

Алматыда алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

29 қазан — көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. 2-7 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +4 +6°C, күндіз +1. +12°C жылы болады.

30 қазан — көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. 2-7 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +2 +4°C, күндіз +13 +15°C жылы болады.

31 қазан — көшпелі бұлт шығады, ауа райы жауын-шашынсыз болады. 2-7 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0 +2°C, күндіз +13 +15°C болады.

Шымкентте алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі

29 қазан — көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын жауады (көбінесе жаңбыр). Батыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +2 +4°C, күндіз +8 +10°C жылы болады.

30 қазан — көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады. Шығыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0 +2°C, күндіз +13 +15°C жылы болады.

31 қазан — көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады. Шығыстан солтүстік-батысқа қарай 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +2 +4°C, күндіз +13 +15°C жылы болады.

Добавить комментарий