Нұр-Сұлтан: РФ СІМ басшысы мен ҚР Президенті кездесті

Бүгін Қазақстан Президенті Тоқаев елімізде жұмыс сапарымен келген РФ СІМ басшысы — Лавровпен кездесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынастар мен ынтымақтастыққа тың серпін беру тұрғысынан министрдің бұл сапарының маңызды екенін айтты. «Қазақстан мен Ресей – одақтас әрі стратегиялық серіктестер. Ынтымақтастығымыздың күн тәртібі өте тығыз және қол жеткізген уағдаластықтарды жүзеге асыру үшін көп жұмыс атқаруды қажет етеді. Сондықтан сіздің сапарыңыз барысында және ведомство басшылары деңгейіндегі, сондай-ақ, ең жоғары деңгейдегі кездесулер барысында алға қойған мақсаттарымызға қол жеткіземіз деп ойлаймын», — деді Тоқаев.

Өз кезегінде Сергей Лавров Президент Владимир Путиннің сәлемі мен ілтипатын жеткізіп, Ресей тарапы вакцина жеткізу мәселесін шешетінін айтты. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың негізгі аспектілері, оның ішінде, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстар, ғарыш саласындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Добавить комментарий