Нұр-Сұлтан: ПТР-тест анықтамасы болмаған тағы 150 жолаушы карантинге жіберілді

Өткен тәулікте Нұр-Сұлтанға 789 жолаушы (экипажды қосқанда) ұшып келді, оның ішінде 150 адамда ПТР-тест анықтамасы болмаған. Анықтамасыз келген адамдар тиісті талдау жүргізу үшін карантинге жеткізілді.

ПТР-тестілерді тапсырғаннан кейін оларды үйлеріне жібереді, оң нәтиже болған жағдайда инфекциялық стационарға жатқызады, — деп хабарлады елорда әуежайынан.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы мемлекеттік қызметтермен тығыз қарым-қатынаста коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау бойынша іс-шаралар кешенін іске асыруда:

  • Жолаушылар міндетті түрде термометриядан өтеді. Бұл үшін тепловизорлық смарт-камералар қолданылады.
  • Жолаушылар терминалында тәулік бойы СКП (Санитариялық-карантиндік пункт) бригадалары кезекшілікте жүреді.
  • Ішкі және халықаралық рейстердің ұшып келу және ұшу аймақтарында жолаушылар үшін қолды дезинфекциялау пункттері (санитайзерлер) орнатылған.
  • Жолаушыларды тіркеу аймақтарында, сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының барлық аумағында 1,5 метр әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету үшін еденде нақты сызбамен көрсетілген.
  • Арнайы дезинфекция құралдарын пайдалана отырып, әуежай ішкі аумағын санитарлық өңдеу жиілігі ұлғайтылды. Вирусқа қарсы белсенділікке ие антисептикалық құрамдар қолданылады.
  • Нұрсұлтан Назарбаев әуежайына келетін барлық әуе кемелері дезинфекциялық өңдеуден өтеді. Сондай-ақ, тұрақты негізде жолаушыларға қызмет көрсететін техникада дезинфекциялау жүргізіледі.
  • Жаңа типтегі коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу және вирустың таралуының алдын алу шаралары бойынша әуежай қызметкерлеріне нұсқаулық жүргізілді.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 6 қазанынан бастап ҚР бас санитарлық дәрігерінің мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекцияның алдын алу шараларын одан әрі күшейту туралы жаңа қаулысы күшіне енді.

Жаңа ережелерге сәйкес әуерейстерімен шетелден ҚР-ға келген келген барлық тұлғалар термометриядан, сауалнамадан өтеді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өту сәтінде кемінде 72 сағат бұрын ПТР әдісімен тапсырған COVID-19 тестінен өткені туралы анықтаманы ұсынуы керек.

Бұл ретте ҚР азаматы болып табылмайтын адамдар анықтама болмаған жағдайда елге кіргізілмейді.

Добавить комментарий