Нұр-Сұлтанда жауынгерлік жағдайларға барынша жақын оқу-жаттығулар өтуде. Іс-шаралар өтетін учаскелерде көлік мен жаяу жүргіншілердің қозғалысына шектеу қойылды.
Жоспарлы терроризмге қарсы оқу-жаттығу 17 маусымда Нұр-Сұлтан қаласы мен Целиноград ауданы Ақмол ауылында өтеді, деп хабарлады елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб.
Жаттығу әртүрлі күрделілік элементтері бар жауынгерлік жағдайларға барынша жақын. Ол сағат 15:00-ге дейін жалғасады.
Нұр-Сұлтанда оқу-жаттығулар Қорғалжын тас жолы мен Домалақ ана көшесінің қиылысында, Ақмол ауылында Наурыз және Бақыт көшелерінің қиылысында өтеді. Аталған учаскелерде көлік мен жаяу жүргіншілер қозғалысына уақытша шектеу қойылды.
Күштер ведомствоаралық өзара іс-қимыл дағдыларын дамытады. Террористік көріністерге төтенше жағдайларды жою тапсырмаларын орындауға жедел штабтың күштері мен құралдарының дайындығын тексеріледі.
Азаматтарды өтіп жатқан оқу-жаттығу шараларына, көліктер мен тұрғындардың қозғалысына мүмкін болатын уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және тартылған мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтауға шақырамыз», — деді терроризмге қарсы штаб.