Нұр-Сұлтан әкімі вакциналау процессі қажет деп санайды

Алтай Көлгінов вакцинацияны коронавирустық инфекциямен күресте өмірдің маңызды бөлігі деп санайтынын айтты.

Нұр-Сұлтан әкімі өзінің Instagram-дағы парақшасында қала тұрғындарын аурудың ауыр ағымына және оның салдарына болдырмау үшін КВИ қарсы вакцина салдыруға шақырды.

Қала тұрғындары күн сайын жолда, жұмыста, туыстарымен және т.б. адамдармен араласады. Өкінішке қарай, бәрі бірдей қауіпсіздік шараларын сақтай бермейді. Санитарлық нормаларды және өзін-өзі қорғаудың қарапайым тәсілдерін сақтамау қатерге бас тігумен тең. Мұндай жағдайда адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнеді.

Бәріңізді шұғыл түрде екпе алуға шақырамын. Вакцинация ғана сізді және отбасыңызды реанимациядан, аурудан кейінгі оңалту курсынан, антибиотиктер мен өзге де ауыр дәрі-дәрмектер қабылдаудан сақтайды, деп жазды Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов.

Вакцинацияның маңызын елордадағы құрылыс компанияларының өкілдерімен де талқыладық. Биыл жұмыс көп. Қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемі, оқу орындардың, әлеуметтік нысандардың құрылысы және т.б. артпақ. Алайда ұжымдық иммунитет қалыптаспаса, құрылыс жұмыстары тоқтатылады.

Вакцинация арқылы ғана ұжымдық иммунитетті дамыта аламыз, деп жазады елорда әкімі.

Добавить комментарий