Нұр-Сұлтан әкімдігі елорданы одан әрі дамыту үшін ұсыныстар қабылдайтын сайтты іске қосты

Елорданы одан әрі дамыту үшін қала тұрғындарынан ұсыныстар қабылдайтын сайтты Нұр-Сұлтан әкімдігі іске қосты. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

«Бізге әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы қаланы дамыту бойынша ұсыныстарыңыз келіп түсуде. Бұл бізді қатты қуантады. Осы жұмысты жүйелеу және елорданы сіздермен бірге дамыту үшін «Birge» сайты іске қосылды. Сайтта сіз әр түрлі бағыттар бойынша ұсыныстар мен өз көзқарасыңызды қалдыра аласыздар», — деп жазды әкім.

Бөлімдердің бірін таңдап, өз ұсыныстарыңызды сайтта қалдыруға болады. Олардың ішінде:

  • аатты ескі тұрғын үйлерді сүру;
  • экология;
  • газдандыру;
  • көгалдандыру;
  • қоғамдық кеңістік;
  • көшелерді жарықтандыру;
  • жануарларды қорғау;
  • тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы;
  • құрылыс;
  • білім беру;
  • қауіпсіздік;
  • денсаулық сақтау;
  • әлеуметтік сала;
  • урбанистика — қалалық орта, бизнес, көлік, санитариялық тазарту.

«Платформаның жұмыс істеу процесі қарапайым: біріншісі — идеяны ұсыну, екіншісі — іріктеу, үшіншісі — жобаны жүзеге асыру. Тұрғындардың ең жақсы ұсыныстарын жүзеге асырамыз!», — деп уәде берді Алтай Көлгінов.

Добавить комментарий