Елорда әкімдігінде азаматтардың бетперде режимін сақтауын бақылауды күшейту туралы шешім қабылданды.
Нұр-Сұлтанда арнайы мобильді топтар құрылады, олардың міндеті бетперде режимін бұзғандарды анықтау болады. Олардың құрылуы мен өкілеттігі мәселелері қала әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкен жинаған кеңесте талқыланды.
ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың екінші толқынға дайындық жөніндегі өкімі аясында елордада карантиндік шаралардың сақталуына мониторинг жүргізу және бақылау бойынша шараларды күшейту туралы тапсырма берілді. Ойын-сауық ұйымдары, қоғамдық тамақтану орындары- кафелер, мейрамханалар, караоке, барлар, сауда орталықтары мен базарлар ережелерді бұзатын негізгі объектілер болып табылады.
Елорда әкімдігінің ресми сайты атап өткендей, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкен мобильді топтардың жұмысын күшейтуді және кәсіпкерлік субъектілеріне күнделікті түнгі және күндізгі рейдтер жүргізуді, карантинді бұзушыларды жауапкершілікке тартуды тапсырды.
Бұдан басқа, COVID-19 екінші толқыны болған жағдайда дәрі-дәрмек жетіспеушілігі мен дәріханаларда бағаның өсуіне жол бермеу қажет. Жауаптылар дәрі бағасын қатаң бақылауға алуы керек. Басқа елдерден келетіндер үшін міндетті ПТР тестілеу қажет», — деді Б.Макен.
Сондай-ақ, жазаны бетперде режимін сақтамайтын азаматтарға қолданатын болады. Отырысты қорытындылай келе, қатысушылар COVID-19 таралуының алдын алуға және оған жол бермеуге бағытталған айтылған шешімдерді қолдады.