Жүргізуші куәлігінен айырылған автокөліктердің мемлекеттік нөмірлері Нұр-Сұлтандағы құқық бұзушылықтарды тіркейтін бейнежазба жүйесіне енгізіледі. Бұл туралы әкімнің орынбасары Малика Бектұрова айтып берді.
«Елорда жолдарындағы қауіпсіздікті арттыру мақсатында бейнетіркеу қызметі кеңейтілді. Енді камералар иелері жүргізуші куәлігінен айырылған көлік құралдарының мемлекеттік нөмірлері жүйеге енгізілетін болады.Егер жолдардағы камералар соңдай көліктерді анықтаса, онда олардың қозғалысы туралы ақпарат бірден полиция қызметкерлеріне түседі. Жүйенің мүмкіндіктері ағыннан «қауіпті автокөлікті» жақын маңдағы полиция бекетінен 3-6 км қашықтықта анықтауға мүмкіндік береді. Әрі қарай, осындай жүргізушінің бағытын бірнеше секундқа дейін есептеуге болады”, — деп telegram-ға жазды
Оның айтуынша, екі аптадан астам уақыт ішінде Нұр-Сұлтан полиция қызметкерлері алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде көлік жүргізгені үшін 108 адамды жауапқа тартты. Олардың тоғызы бұрын жол ережесін бұзған үшін жүргізуші куәлігінен айырылған.