Нұр-Сұлтан: Газ кіргізу құны үштен бір есеге арзандады

Елордада тұрғын үйлерге газ кіргізу бағасы үштен бір есеге арзандады. Енді қосылу үшін 125-ден 150 мың теңгеге дейін ақы төлейді.

«Тұрғындар кез келген мамандандырылған компанияны таңдауға құқылы. Жобаның әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, әкімдік жекеменшік ұйымдармен монтаждау жұмыстарының құнын төмендету бойынша келіссөздер жүргізуде. Мемлекет есептегіштерді қала тұрғындарына тегін береді», — деп атап өтті елорда әкімдігінде.

Нәтижесінде «Әлия сервис» ЖШС 240 мың теңгеден (571 доллар) 150 мың теңгеге (357 доллар) немесе 37,5% -ға төмендеді. Өз кезегінде «Қазтрансгаз Аймақ» АҚ қызмет құнын шамамен 123 мың теңгеге дейін (293 доллар) арзандатты.

Бұл сомаға газ жабдығы мен жинақтауыштардың құны кірмейді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Тұрғын үй алаптарында газ тарату желілерін, оның ішінде тұрғын үйлер бойындағы орамішілік желілерді салумен Нұр-Сұлтан әкімдігі айналысады, ал үй ішіне тікелей жеткізуіне жеке ұйымдар жауапты.

Қаланы газдандыру үш кезең бойынша жүргізіледі. Биылғы жылыту маусымында Железнодорожный, Көктал-2, Агроқалашықтың бір бөлігі газға көшіріледі. Сонымен қатар, Көктал-1, Промышленный, Оңтүстік-Шығыс тұрғын алаптарында құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Газға қосылу үшін аталған тұрғын алаптарда газбен жабдықтаудың ішкі желілерін жүргізген тұрғындар газға қосылу үшін «ҚазтрансГаз Аймақ» АҚ-ға жүгіне алады (Республика даңғылы, 24, «Парасат» БО). Әкімдіктің мәліметінше, аталған ұйым газбен жабдықтаудың ішкі желілерінің қауіпсіздігімен және тікелей қосылуын тексерумен айналысады, сондай-ақ одан әрі пайдалануға жауап береді.

Добавить комментарий