Нұр-Сұлтанда криптовалюта ұрлады деген күдікке ілінген ер адам ұсталды.
Жедел-іздестіру шаралары барысында елорданың 37 жастағы тұрғыны ұсталды. Аталған күдікті алаяқтық жолмен биткоин әмиянына қол жеткізіп үш ай көлемінде биткоиндерді ұрлап келген. Күдікті қазіргі уақытта тергеу изоляторында ұсталуда. Қылмыстық іс сотқа жолданды. Күдіктінің мүлкі тәркіленіп 10 жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», — делінген хабарламада.
Интернетте көптеген интернет-ресурстар бар, оларда жалған брокерлер онлайн-биржаларда ақшаны айналдырып артыру бойынша өз қызметтерін ұсынады.
Алдау схемасы өте қарапайым. Бастапқыда алаяқтар жаппай хабарлама жіберіп әр түрлі веб-сайттар мен әлеуметтік желілерде жоғары табыс әкелетін жарнамалық ұсыныстар жариялайды. Бұл жарнамаларда шартты түрде 100 долларды 1000 долларға дейін көбейтуге болатындығы айтылған. Содан кейін зиянкестер брокердің ойдан құрастырылған сайтын және жеке кабинетін жасап, өз құрбандарына жолдайды. Бұл жеке кабинетте алаяқтар пайдаланушымен қатар шоттың қанша мөлшерде толтырылғанын көре алады.
Бұдан әрі пайдаланушы форекс-биржада ойнауға кіріседі және ұтады. Алайда, іс жүзінде бұл ойынды алаяқтар қашықтан бағдарламалайды. Қызығушылығы бар қолданушы осы ойыннан ұтысқа жеттім деген оймен одан да көп қаржы салады алайда шын мәнінде бүкіл қаржыны алаяқтар өздеріне алып отырады. «Жәбірленуші» өз ұтысын жеке кабинеттен шығаруды шешкенде, брокер келісімге сәйкес ақшаны алу үшін алдымен сақтандыру жарналарын , айыппұл және басқа да жалған шарттарды төлеу қажеттігін мәлімдейді. Бұл процесс ұзаққа созылуы мүмкін, содан кейін брокермен барлық байланыстар үзіліп, сайт жабылады.
Сондай-ақ полиция азаматтарға биржа арқылы ақша табуға қатысты ұсыныстарға өте мұқият қарауды ұсынады. Ең алдымен дилердің лицензиясы мен басқа да рұқсат құжаттары бар-жоғын тексеру керек. Мұны интернет арқылы жасауға болады.
«Егер сіздің форекс биржадағы бағалы қағаздар нарығының жұмысы туралы арнайы біліміңіз болмаса және сізге осы салада жылдам табыс табу ұсынылса онда сізге сақтық танытқан жөн. Бір сәтте жоғалтуыңыз мүмкін жеке жинақтарыңызды тәуекелге тікпеңіз», — деді полиция қызметкері.