Бүгін Қазақстанның оңтүстік және солтүстік астанасында жаңбыр жауады деп күтілуде. Шымкентте ауа райы жауын-шашынсыз болады.
«Қазгидромет» РМК-ның баспасөз қызметі дүйсенбі, 2021 жылғы 16 тамызда Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында қанлай ауа райы күтілетінін айтты.
Күндіз Нұр-Сұлтанда жаңбыр жауады, түнде бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде секундына 2-7, күндіз 7-12 метр жел соғады. Күндіз +26 +28, түнде +11 +13.
Алматыда найзағай ойнайды, жел 3-8, күн күркірегенде екпіні секундына 14 метрге жетеді. Күндіз +21 +23, түнде +12 +14 градус жылы болады.
Шымкентте ауа райы бұлтты, жауын-шашынсыз болады, жел секундына 8-13 метр соғады. Күндіз +28 +30, түнде +14+16.