Нұр-Сұлтан қаласындағы риелтор сатылымға қойылған бірнеше пәтерді жалға берген

Алаяқ риелтор пәтерді сатуға тырыспаған. Оның орнына ол бірден бес адамды алдап, олармен жалға беру келісім-шартын жасасқан.

Астаналық алаяқ  өзіне қатысты пробациялық бақылау орната отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеуге сотталды.

Нұр-Сұлтанның №2 Алматы аудандық соты пәтерлік алаяқтарға қатысты қылмыстық істі қарады.

Соттың хабарлауынша, сотталушы жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттікте риелтор қызметін атқарып жүріп, пәтерді сатуға шығарған тұрғын үй иесімен танысқан.

Бұдан әрі сотталушы пәтерді сатуда делдалдық жасауға міндеттеніп, сатып алушыларға көрсету үшін кілттерді алып, пәтерді жалға беру туралы хабарландыруды интернет порталға жариялаған.

Жаза тағайындау кезінде сот 2 жәбірленушіге залалды толық көлемде өз еркімен өтеу және 3 жәбірленушіге залалды ішінара өтеу түріндегі жеңілдететін мән-жайлардың болуын ескерген.

Астаналық алаяқ өзіне қатысты пробациялық бақылау орната отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеуге сотталды.

Добавить комментарий