Нұр-Сұлтан қаласындағы LRT құрылысына миллиард доллар қажет

LRT құрылысын аяқтау үшін тағы бір миллиард доллар қажет, деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов.

ОКҚ онлайн-брифингте әкімнен LRT жүйесін салу жұмыстарына қаражат қайдан алынатыны туралы сұрақ қойылды.

«Бұл қаражат компания ішінде бар. Біз әзірге қосымша қаражат тартқан жоқпыз, бұл ішкі резерв. Бұрынғы шартқа сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Мердігер компаниялар — қытайлық компаниялар да, жергілікті серіктестер де бар. Қолданыстағы келісім бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қосымша қаржыландыру көлемін тартқанда, жұмыс жалғасады», — деп жауап берді әкім.

Әкімнің айтуынша, бастапқыда LRT құрылыс жобасына 2,6 миллиард доллар болған.

«Біз оны 800 млн долларға төмендеттік. Онымен қоса, үнемдедік. Яғни, қазір қаржыландыру үшін тағы бір миллиард доллар қажет. Вагондар, осы рельстер, инфрақұрылым. Жалпы, құрылыс жұмыстарын толық аяқтау үшін бізге осынша қаражат керек. Байқау жүріп жатыр», — деді ол.

Алтай Көлгінов сыртқы қарыздарға конкурс жарияланғанын айтты.

«Банктер қатысып жатыр. Байқау аяқталған соң біз хабарын береміз. Конкурс әлі аяқталған жоқ, сондықтан әзірге ақпарат жоқ», — деді әкім.

Ол қаржыландыру көздері ішкі қаржы нарығында да қарастырылатынын атап өтті. Оның айтуынша, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) қаражат алу қарастырылмайды.

«Тек екінші деңгейлі банктер ғана», — деді әкім.

Қала басшысы жобаны аяқтаудың алдын ала мерзімін де атаған жоқ.

«Бұған дейін осы құрылыстың аяқталу мерзімі жайында талай рет айтқан. Бірақ оны қайта-қайта шегеруге тура келді. Біз қаржы көзін анықтағаннан кейін келісімшартты рәсімдейміз. Сол кезде нақты жол картасы мен атқарылатын жұмыстардың кестесі болады, сонда айтуға болады», — деп түсіндірді Алтай Көлгінов.

Оның айтуынша, қаржыландыру көздері бойынша байқауды жаздың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Бірақ іс жүзінде байқау өтпей, жаңасы жарияланатын кездер де болады.

«Аяқтағаннан кейін, ақпарат аламыз, сол кезде LRT туралы қызығушылық тудыратын барлық ақпаратты береміз», — деп түйіндеді ол.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов қалада LRT құрылысы қайта басталғанын растады. Қазір құрылыс орнында үлкен техниканы, жұмысшылар мен LRT дизайнының жаңа бөліктерін көруге болады. CTS қалалық көлік компаниясының мәліметінше, қытайлық мердігер дайындық жұмыстарын жүргізуде.

Добавить комментарий