Ұн бағасы бір жылда 41%-ға өсті

Қазақстанда өткен 12 айда ұн бағасы 41%-ға өсті. Осы жылдың тамыз айында 4%-ға қымбаттады.

Қазақстанда ұн тамыз айындда 4%-ға қымбаттады, ал бір жылда баға бірден 41% -ға өсті. Жеті айдың қорытындысы бойынша елдің ішкі нарығында ұн сатылуы 21%-ға төмендеді, ал экспорт ширек есеге өсті.

Мониторингтік компанияның мәліметі бойынша, 2022 жылдың қаңтар-тамыз айларында дәнді дақылдар мен бидайдан, сондай-ақ ұсақ ұнтақталған қоспалардан 2 млн тонна ұн өндірілді, бұл былтырғы осы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,5%-ға аз.

Ағымдағы жылдың тамыз айының қорытындысы бойынша ұн бағасы 2011 жылдан бергі ең жоғары баға тіркелді — бір айда 4,3%.

Өңірлік бөліністе тамыз айының қорытындысы бойынша ұн бағасының ең жоғары өсімі Павлодар (12,8%-ға), Жетісу (12,4%-ға) және Батыс Қазақстан (11,9%-ға) облыстарында байқалды. Ұн бағасы ең аз Ақмола (0,3%-ға), Ақтөбе (0,6%-ға) және Солтүстік Қазақстан (0,8%-ға) облыстарында қымбаттады.

 

Добавить комментарий