Ән айтқаны үшін хаттама: жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне айыппұл салынды

Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі түнгі уақытта тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ер адам жедел жәрдем көлігімен қала ішінде жүріп, дауыс ұлғайтқышпен ән айтқан.

Ерекше «өнердің» видеосын желі қолданушылары әлеуметтік желіге жариялаған. Полиция тұрғындардың тыныштығын бұзған ер адамды ұстады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арыстағы жедел жәрдем бригадасы Түркістандағы ауруханаға науқасты шұғыл жеткізгені анықталды. Қайтар жолда жүргізуші түнгі қаланың тыныштығынан шабыт алып, сүйікті әнін орындаған.

Полициядан хабарлағандай, жүргізуші спирттік ішімдік ішпеген, бірақ тыныштықты бұзғаны үшін оған әкімшілік хаттама толтырып, осындай оқиғалардың қайталанбауы үшін онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

  • Иә, шыныменде Бекзат Саттарханов даңғылында келе жатқанымда жедел жәрдем көлігінде ән айттым. Оқиға түнгі сағат екі шамасында болды. Барша түркістандық пен әріптесімнен кешірім сұраймын», — деді ер адам.

Добавить комментарий